👩🏼⚖️Ашық практикалық сабақ — сот процесін имитациялау форматында
Бүгін студенттермен сот процесінің үлгісі негізінде ұйымдастырылған ашық практикалық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты — ата-аналардың құқықтық жауапкершілігі, баланың құқықтарын қорғау туралы білім қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық жағдайларды талдау дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында студенттер құжаттарды талдау, дәлелдемелерді ұсыну, пікірін қорғау, рөлдерді бөлісу және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырды.
Практикалық сабақ қызықты әрі жоғары белсенділікпен өтті.
⚖️ Құқықтық мәдениет — саналы қоғамның негізі.