Балалар кітапханасының негізгі мақсаты – балалардың жан жақты дамуына, білім алуына, шығармашылық қабілеттерінәі қалыптасуына және мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған қолайлы ақпараттық мәдени орта құру.
- Балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылығын арттыру
- Жас ерекшелігіне сай әдебиеттер арқылы білім беру және тәрбиелеу үдерісін қолдау
- Сенімді, қауіпсіз, ғылыми негізделген ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жаса
- Ақпарат іздеу, талдау және кітаппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Қоғамдық-мәдени орта құрып , балалардың бір-біріне қарым қатынас орнатуға мүмкіндік беру.
- Тілдік және коммуникативтік дағдыларды дамыту , ана тілін құрметтеуге тірбиелеу.
- Цифрлық сауаттылықты дамытып, электронды ресурстарды қауіпсіз қолдануға үйрету.
- Инклюзивті орта қалыптастырып, мүмкіндігі әртүрлі балаларға тән ағдай жасау
- Отбасылық оқу мәдениетін қолдау және ата аналармен өзара ынтымақтастық орнату.
- Ұлттық құндылықтар мен әлемдік мәдениетті таныстыру, мәдени сананы кеңейту.
- Балалардың бос уақытын тиімді қйымдастыруға ықпал ету.
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханамызда «Кітап сарқылмас руханият» атты 4 «А» сынып оқушылармен бірлесе отырып, жанды тәрбие сағатын өткіздік. Оқушылар кітаптың құдіретін терең сезініп, рухани байлықтың мәнін түсінді. Кітап адам жанының айнасы, ақыл мен парасаттың қайнары
https://www.instagram.com/reel/DPsVG6ugphn/?igsh=cWFndDR1aHJ5MThi
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап білім бұлағы» атты 1ә сынып оқушылармен сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылар кітаптың тарихымен танысып, оны күтіп ұстау ережелерін үренді.Әрқайсысы өз ойларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Сабақ соңында балалар кітапханаға барып,өздеріне ұнаған ертегі кітап таңдап алып, мектеп ауласында мұғалімнің оқуымен ертегі тыңдап, ерекше әсер алды.
https://www.instagram.com/p/DPn9izqgvHN/?igsh=cnZ1dnNlbjB3
Анықтама
Жергілікті ақын жазушыларымыз туралы библиографиялық шолу ұйымдастырылды.Жергілікті ақын- жазушылар туған өлкеміздің рухани қазынасы. Олардың әрбір шығармасы тарихымыздың мәдениетіміздің айнасы. Өз өңіріміздің қаламгерлерін құрметтеу- болашққа қалдырған асыл мұраны бағалау. Жергілікті әдебиет- туған жердің жүрегінен шыққан жыр, рухымызды тербеткен сыр. Осы ақындарымыз туралы 7ә сынып оқушыларныа таныстырылды.
https://www.instagram.com/p/DPIdJ4Ygsd3/?igsh=MTdwMm1tNG11YXc2Zg==
Анықтама
«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» және «Өнегелі 15минут» аясында қоңырау уақытын тиімді қйымдастыру мақсатында «Білім сарқылмас қазына, кітап ақылдың кілті» Барлығымыз бірге оыймызды оятып, қиялымызды тербететін 15 минуттық кітап оқу уақытына шақырамыз.
https://www.instagram.com/reel/DO-P-ErAoJ3/?igsh=MXVicTZpMDFidjdlcQ==
https://www.instagram.com/reel/DQD_brUgsw5/?igsh=cXAxdHM2eHN6amwz
Анықтама
«Теңге Тәуелсіздік Қазақстанның жетістігі» атты библиографиялық шолу көрме.
Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» бойынша кітапханамызда 1а, 1ә сынып оқушыларына арналған.
Көрменің мақсаты кішкентай оқырмандарға ұлттық валюта тарихы, оның маңызы және Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі екендігін қарапайым әрі түсінікті түрде таныстыру. Оқушылар теңгенің алғаш айналымға енген күні, банкнотттардың бейнелері және ұлттық рәміз ретінде мәні туралы танысты.
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Жақсы кітап жан азығы» тақырыбында 10 сыныптар эссе жазды. Кітап адам рухының шамшырағы, ақыл мен парасаттың қайнары. Жақсы кітап оқыған жанның көкірігінде нұр, жүрегінде жылулық орнайды. Ол ойды ұштайды, қиялды кеңейтеді, өмірдің мәнін терең түсінуге жетелейді.
Анықтама
«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ертегілер еліне мектепке тақырыбында жаңа кітаптарға шолу жасалды. 2ә сынып оқушыларына таныстырылды жаңа ертегілер мен қызықты кітаптар сөрелерімізде. Балалардың қиялын дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттыратын шығармалармен танысты.
Анықтама
«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақтың мақал мәтелдері тақырыбында әдеби ринг 5а,5ә,5б сыныптары арасында өткізілді. Халықтың ой толғамы, өмір сабағы мен өсиеті осы бір қысқа да терең сөздерде жатыр. Мақал мен мәтел халықтың асыл мұрасы. Мақал түйінді ойды нақылмен түйіндесе, Мәтел бейнелі сөзбен ой салады. Екеуі де адамгершілікке, еңбекке, білімге үндейді. Мақал өмірдің айнасы, мәтел сөздің сәні. Халық ауыз әдебиетінің інжу маржаны саналатын мақал мәтелдер ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы.
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханада 4а, 4ә сынып оқушылары «Өз қолымен жасалған бетбелгі» досқа сыйлық жасап бір біріне сыйлады.
Мақсаты: Досқа өз қолымен жасалған бетбелгі сыйлаудың мақсаты достықты нығайту, жүректен шыққан ықыласты жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылығын қолдау және ерекше, бірегей естелік сыйлау.
Жан досыма деген кішкентай сыйлық. Шынайы сыйлық жүректен шыққан. Әр бетбелгі шабыт пен махабаттың жемісі. Досыма арналған ерекше. Қолмен жаслған сый. Жүректен шыққан сый досқа арналған бетбелгі.
Анықтама
«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 3а, 3ә сынып оқушыларымен кітапханамызда «Қазақ халық ертегілеріне дауыстап оқу»
Мақсаты: Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру, қазақ ертегілері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тіл мәдениетін дамыту және тыңдау дағдыларын қалыптастыру. Қазақ ертегілерін дауыстап оқу ұрпаққа рухани тәрбие мен тіл байлығының қайнары.Әр ертегі даналық пен өнегенің мектебі. Балалар қазақ ертегілерін дауыстап оқу олардың қиялын дамытып, жүрегіне мейірім ұялатады. Ертегіні дауыстап оқиық, Тілдамиды, қиял қанаттанады.
https://www.instagram.com/p/DQqUEAXgg8r/?igsh=MWV4M2xpOXhqeXZseg==
Анықтама
25 қазан Республика күніне орай ітап көрмесі Туған елім Тәуелсіз Қазақстан. 25 қазан Республика күні ел болашағы сенім ме үміт ұялататұан күн. Бейбіт өміріміз баянды, көк туымыз биік болсын.
https://www.instagram.com/p/DQI-hYuApS5/?img_index=3&igsh=dXhtNDEyZTgzdXM3
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Қыран елім Қазақстан» Республика куніне орай туған өлкеміздің ақын жазушыларының кітаптарына шолу жасалды. Ақтөбе өңірі талантты сөз зергерлері көп шыққан киелі өлке. Бұл аймақтың қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақындар мен жазушылар шыққан. Ақтөбелік қаламгерлердің туындылары ұлттық әдебиетіміздің бай қазынасын толтырған рухани мұра
https://www.instagram.com/p/DQEmgdzgkVB/?igsh=YXR0ZHQza3FtNXdr